03 Мамыр 2022
Жаңалықтар

Педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігін арттырудағы эмоционалды интеллектінің рөлі

Эмоционалды интеллект ниетті іс-әрекетке айналдыру, саналы шешімдер қабылдау, тиімді байланыстар орнату үшін қажет. Қазіргі әлемде өзімізбен және өзгелермен тіл табысу қиындап бара жатқанын көбіміз білеміз. Сондықтан, басқалармен табысты өзара әрекеттесу эмоционалды интеллектке тікелей байланысты екенін түсіну маңызды.

Педагогтың кәсіби қызметінде де эмоционалды интеллектінің алатын орны ерекше. Осы бағытта «UNITED POWER» жобасы шеңберінде Э.Шакированың жетекшілігімен «Жұлдыздар» шығармашылық тобы «Педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігін арттырудағы эмоционалды интеллектінің рөлі» тақырыбында коучинг өткізді.

Коучинг басында ұстаздардың қызығушылығын арттыру мақсатында сиқырлы түстерге жасырылған смайликтер арқылы топтарға бөліп, жақсы көңіл-күй, позитивті эмоциялар әлеміне ену үшін «Көңіл-күй эстафетасы» треннингі ұйымдастырылды. Коучинг тақырыбын ашу үшін топ шығармашылық таныстырылымды көрініс түрінде ұсынды.

Коучингтің келесі кезеңінде әр топқа күнделікті тәжірибеде кездесетін педагогикалық ситуациялар беріліп, рөлдік ойын арқылы шешімін табу ұсынылды. Әр топ өздеріне жүктелген педагогикалық ситуацияларды шеберлікпен орындап, әр түрлі нұсқаларын ұсынып, жан-жақты талқыланды. Рөлдік ойындарды ойнау арқылы ұстаздарымыз өздерінің тәжірибесінде кездесетін ситуацияларда эмоцияларды басқара білу керектігін маңызды екенін ұғынып, құнды ақпараттарға ие болды.

Коучинг соңында «Көңіл-күйлер аралы» атты рефлексия өткізіліп, аралдар «Таң қалу аралы», «Сүйсіну аралы», «Шабыттану аралы», «Қанағаттану аралы», «Үрей аралы», «Түсінбестік аралы» деп аталды. Әр мұғалім бүгінгі коучингтен алған әсерімен бөлісу үшін, қандай эмоция сезінгенін білдіру үшін өз сезіміне сәйкес аралды таңдап, ойларын ортаға салды.