Сәуір айының 25 күні "Сәулет" мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары арасында дебат ойыны оздырылды. Пікірсайысқа үш 8- сынып оқушыларынан 4 команда: "Алға" тобы (Дильназ, Мадина, Жанна), "Парламент" тобы (Аружан, Аяжан, Лайла), "FBR" тобы (Аружан, Дильназ, Назгүл), "Five stars" тобы (Қарақат, Әмина, Аружан) болып топтасты. Ойынның 1-турында "Кітаптың орнын компьютер (интернет, гаджет) басады", "Бүгінгі жастар әлеуметтік желінің маңыздылығы бар деп есептейді" деген тақырыптарды өз ойларын ортаға салды. Финалдық кезеңге 2 команда ("FBR" тобы мен "Five stars" тобы жолдама алды.
26 сәуір күні финалдық ойында
"Біз өзімізді бағалай аламыз ба?" тақырыбы беріліп, әр топ өз позициясын жақсы деңгейде қорғап, жеке пікірлерін айтып, бір-бірлеріне сұрақ-жауап арқылы пікірталасты қыздыра түсті. Ойын соңында әділқазылар мен көрермендердің дауыс беруі арқылы "Five stars" тобы жеңіске жетті. Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз. Алдағы уақытта осы бағытты әрі қарай жандандыра түсіруді қолға аламыз.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/14185-s-uir-ajyny-25-k-ni.html#sigFreeId0b8f924356