«Сәулет» мектеп - лицейінің педагогикалық ұжымында өзіндік орны бар, құрметті де сыйлы әріптес болған жоғары санатты дене шынықтыру пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Айгалиев Мақсот Сундетқалиұлы дүниеден озды.
Мақсот Сүндетқалиұлы 1959 жылы 3 желтоқсан күні Тасқала ауданы Ақтау ауылында дүниеге келді.
1977 жылы Ақтау орта мектебін тәмәмдап, 1980-1982 жылдары Кеңес Әскері қатарында әскери борышын атқарып келді.
1982 – 1987 жылдары сол кездегі СХИ, қазіргі таңда Жәңгір атындағы БҚАТУ-да алғашқы жоғарғы білімін алса, 2000 – 2003 жылдары БҚМУ-да «Физкульура және спорт» мамандығы бойынша екінші жоғарғы білімін алып, бүгінгі күнге дейін абыроймен ұстаздық қызметін атқарып шықты.
Ұстаздық қызметінде оқушылармен етене жақын жұмыстанып, әр түрлі спорттық жарыстардың белесін бағындырған, Тасқала ауданында алғашқылардың бірі болып қазақ халқының ұлттық ойыны «Тоғызқұмалақтың» дамуына үлесін қосқан беделді әріптесіміздің бірі болған еді.
Әріптесімізді қимастықпен еске алып, артынан қалған бауырлары мен ағайын-тумаларына қайғыра көңіл айтамыз.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/14184-s-ulet-4.html#sigFreeId9cf23801cf