03 Мамыр 2022
Жаңалықтар

Химия пәнінен жоспарға сай 8б сыныбында

Химия пәнінен жоспарға сай 8б сыныбында "Тұздар" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Ахметова А.Н. Сабақтың мақсаты: оқушыларды тұздардың құрамымен, қасиеттерімен таныстыру, металл атомымен қышқыл қалдығының валенттілігін еске түсіріп, формула құра білу. Оқушыларды ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, іскерлікке тәрбиелеу. Жоспарға сәйкес зертханалық жұмыс, топтық, жұптық және жеке жұмыстар жүргізілді. Flippity әдісі арқылы топқа бөлінді. Білімге, ғылымға қызықтыру үшін оқушылармен тәжірибе жасалынып, есептер шығарылды. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап алынса, «ПОПС» әдісі арқылы зертханалық жұмысты қорытындыланды. «Кім жылдам» әдісі арқылы берілген тұздардың атаулары бойынша формуласын жазып, есептер шығарылды.