20 сәуір куні математика пәні мұғалімі Құрманиязова М.Қ. 9а сыныбында алгебра пәнінен «Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру» тақырыбында әдістемелік сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: Тригонометрия бойынша білімдерін толықтыру және жүйелеу болды. Сабақ кезеңдері: Математикалық диктант, сәйкесін табу, формуланы аяқта кезеңдерінде оқушылар жеке отырып жұмыстанса, «Есептер әлемінде» кезеңінде оқушылар жұптасып тақтаға есептер шығарып,өз жұмыстарын сыныпқа түсіндіріп жеткізе білді.
Сабақ қорытындысында "Аяқталмаған ой" сөз тіркесін толықтыра отырып, сабақ бойынша өз деңгейлеріне формативті баға бере алды.
View the embedded image gallery online at:
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/14057-matematika-p-ninen-ashy-saba.html#sigFreeIdc56991a408
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/14057-matematika-p-ninen-ashy-saba.html#sigFreeIdc56991a408