«Сәулет» мектеп- лицейінің математика пәні мұғалімі Д.У. Зиргиров 20 сәуір күні 7 «а» сыныбында «Алгебралық бөлшектің негізгі қасиетінің қолданылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Алгебралық бөлшектерді танып білу; Алгебралық бөлшектегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиынын табу;
Алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін қолдану. Сабақ барысында оқушылармен «Сөйлемді аяқта» wordwall.net программасы арқылы қысқаша көбейту формулаларын қайталап, «Тарсия» әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс және QR-код арқылы деңгейлік тапсырмаларын орындады.Сабақтың мақсатына жету барысында АКТ элементтері, сын тұрғысынан ойлау әдістері қолданылды. Оқушылар сабақ барысында жоғары белсенділік танытты. Сұрақ-жауапқа жауап беріліп, танымдылық белсенділіктерін көрсетті. Сабақ мақсатына жетті.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/14056-zirgirov-d-u-ashy-saba-y.html#sigFreeId07e49343db