21 Сәу 2022
Жаңалықтар

Ғылымға қадам

«Сәулет» мектеп - лицейінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі өткізілді. Ғылыми конференция 16 секциядан тұратын 4 бағытта және 6-11 сынып оқушылары қатысты. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;

- ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;

- мектебіміздің интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

«Ғылымға қадам» мектепішілік ғылыми-конференциясына мектебіміздің ғылымға құштар оқушыларымыз қатысып, өзіндік зерттеу жұмыстарына қосқан үлестері және дайындаған тақырыптары бойынша жобаларын қорғап шықты. Дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу жұмысы тиімді болып табылады. Балалардың дарындылығын дамытудың басты құралы - ең алдымен зерттеушілік ізденіс, білуге деген құштарлық, бақылауға, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қабілеттері де қалыптасты. Оқушылардың жұмыстарына түзету,дамыту бағытында ұсыныстар айтылып, І,ІІ,ІІІ орындармен марапатталды