«Сәулет» мектеп – лицейінде көркем еңбек пәні мұғалімі Ж.Б.Бекеева 5б сыныбында «Бутербродтар мен сусындардың әзірлену технологиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сергіту сәтін «стоп кадр» әдісі арқылы ұйымдастырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойылды. Видеоролик «Фастфуд және бутербродтар» тақырыбында көрсетіліп, оқушылар зияны мен пайдасын атап өтті. Сабақта жеке және жұптық жұмыс түрлері жүргізілді. Жұптық жұмыста суреттер беріліп, нақты бутербродтардың пайдалысын алып, зиянын сызып тастау керек болды. Оқушылар жұмысты орындап болғаннан кейін бір – бірін тексеріп, өз пікірлерін айтты. Жеке жұмыста фастфуд пен бутербродтың адам ағзасына тиімді және тиімсіз жақтары туралы тапсырма орындалып, жұмыстары мұғалімге тапсырылды. Сабақ барысында оқушыларға сусын мен шай түрлері таныстырылып, ең пайдалысын атап көрсетті. Тақырып аясында үш тілде жаңа сөздер алынды. Сабақ соңында шай қайнату бойынша тәжірибе жүргізіліп, оқушылар тек есту арқылы емес, сонымен қатар көру арқылы да есте сақтауына мүмкіндік берді. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынып, үй тапсырмасы берілді. Сабақ мақсатына жетті.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/14046-buterbrodtar-men-susyndardy-zirlenu-tekhnologiyasy-ashy-saba.html#sigFreeId51d690b786