21 Сәу 2022
Жаңалықтар

«Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында сабақ

«Сәулет» мектеп- лицейінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Г. Б. Имангалиева 19 сәуір күні 7 «б» сыныбында « Сүйіспеншілік жолындағы өмір » тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сүйіспеншілікпен өмір сүрудің жолдарын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Құндылық: Сүйіспеншілік. Сабақ барысында оқушылармен «Үйшік» тренингі өткізіліп, тренинг соңында «Жүрек жылуы» арқылы бір –біріне жақсы тілектер тілеп, түрлі суреттер бойынша топқа бөлініп отырды. Сабақта берілген дәйексөздің мәнін аша отырып, оқушылар өз ойларын білдірді. «Ең ұлы құндылық - сүйіспеншілік» тақырыбында көрсетілген бейнежазба бойынша оқушылар мазмұнына талдау жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Шығармашылық жұмыс барысында І топ «Менің жүрегімдегі сүйіспеншілік қандай?» тақырыбында постер қорғаса, ІІ топ оқушылары «Таза риясыз сүйіспеншілік» тақырыбын суреттеу арқылы өз ойлары білдірсе, ІІІ топ оқушылары берілген жағдаятты талдап, сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын айтты. Сабақ соңында «Өміріңе немқұрайлы қарама» әні шырқалды.