“Сәулет” мектеп-лицейінде Физика-информатика апталығы аясында 6-сынып оқушылары арасында “Квест-инфо” ойыны өтті. Салауатты өмір салты мен ақпараттық сауаттылықты ұштастыра отырып, “Кім жылдам?”, “Тапқыр достар”, “Мақал-сөз мәйегі”, “Жасырылған сөздерді табу”, “Пазл құрастыру” бөлімдерінен тұратын сайыста оқушылар информатика пәнінен меңгерген тәжірибелерін жинақтап, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете алды. Сайыс қорытындысы бойынша 6”а” сыныбы ІІІ орын, 6”б” сыныбы ІІ орын иеленсе, 6”ә” сыныбы І орынды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.
View the embedded image gallery online at:
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/13957-s-ulet-3.html#sigFreeId8d794d7961
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/13957-s-ulet-3.html#sigFreeId8d794d7961