«Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» деген қанатты сөзді Әл-Фараби бабамыз бірнеше ғасыр бұрын айтып кетсе де, өзектілігі әр ғасырда жойылған емес. Қазіргі жаһандану заманында ғылымның дамуы – әрбір мемлекеттің дамуына септігін тигізетін маңызды фактор болып табылады.
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні аталып өтілуде. Осыған орай, мектебімізде жас болса да ғылымның дамуына өзіндік үлесін қосып, бүгінгі заманның сұранысына сай оқушылар мен жас таланттарды робототехниканың қыр-сырын меңгеруге, жаңа ақпараттар мен тың идеяларды ашуға баулып жүрген Айбану Сиражева мен Бексұлтан Шуриннің еңбектерін атап кетуді жөн көрдік. Жас ұстаздарымыз оқушылардың бос уақытын тиімді пайдаланып, әр түрлі облыстық, республикалық сонымен қатар халықаралық деңгейдегі байқауларға дайындап, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Атап өтсек:
- «Ғылым әлемін ашамыз» көрме байқауының облыстық кезеңі І орын;
- «CosmoStars» қашықтықтан өткізілген Республикалық жас зерттеушілер байқауы ІІI орын (республикалық),
- «Roboland-2020» техникалар бойынша облыстық фестивалі І,ІІ,ІІІ орындар;
- Облыстық байқау «Құрылыс облысындағы жобалар» секциясы бойынша І орын;
- «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауы, т.б.
Алдағы уақытта қанаттары талмай ғылымды игерудегі еңбектері жана берсін!