Олимпиада жүлдегерлері анықталды!!!
Наурыз айының 24-25-і күндері аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі жаратылыстану-математика пәндерінен өткен болатын. Олимпиадаға ауданымыздан қатысқан 8 оқушының төртеуі жүлделі ІІ, ІІІ орындарға ие болды. Атап айтсақ, математика пәнінен ІІ орындарға "Сәулет" МЛ 9-сынып оқушысы Суиндикова Анель, (мұғалімі Айсагалиев А.С.) және "Сәулет" МЛ 11-сынып оқушысы Ғазез Қасымжомартәлі, (мұғалімі Курманиязова М.К.) ІІІ орындарға биология пәнінен "Сәулет" МЛ 11-сынып оқушысы Куанышкалиева Арузия, (мұғалімі Шакирова Э.М.) және география пәнінен "Сәулет" МЛ 11-сынып оқушысы Ахметова Асем, (мұғалімі Айтжанов Ж.Х.) иеленді. Сонымен қатар, география пәнінің жүлдегері Ахметова Асем Жәңгірхан атындағы БҚАТУ және БҚИТУ-дан грант иегері атанды. Аудан атынан олимпиадаға қатысып, білімдерімен топ жарып шыққан оқушыларымызды және оларды дайындаған ұстаздарын бүгінгі үлкен жеңістерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Алар асуыңыз көп болсын!
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/13830-oblysty-olimpiada-zh-ldegerleri.html#sigFreeId2e688dd1be