Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан “көктемгі жаңару” мерекесі екені белгілі. Наурыз - бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы екені баршамызға аян.
Бұл мейрамды мектебіміздің жылдық жлспарына сай 18 наурыз күні әр сыныптарда атап өтуді жөн санадық. Әр сынып болып, Наурыз мейрамына арналған дастарханын жайып, ұлттық тағамдардан ас мәзірін жасақтады. Ұлттық ойындар, ойнатылып, әдемі ән шырқалып, қыздарымыз бен ұлдарымыз мың бұрала биледі. Ерекше көңіл күйді сезінген оқушылар зор әсер алды. Мектеп директоры сыныптарды аралап, қазақтың Жаңа жылымен, көктемгі жаңарумен құттықтап, оқушылар мен ұстаздарға алдағы күндерге ізгі тілектерін жеткізді.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/13829-lysty-ly-k-ni-nauryz-mejramy.html#sigFreeId808b7e370f