26 Нау 2022
Жаңалықтар

“Мектеп өміріндегі бала жетістігіне ата-ананың ықпалы” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті

14 наурыз күні мектебіміздің жұмыс жоспарына сай “Мектеп өміріндегі бала жетістігіне ата-ананың ықпалы” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыстың алғашқы бөлімінде "Мұғаліммен сұхбат" бетпе-бет айдары ұйымдастырылып, ата-аналар сұранысына сай пән мұғалімдеріне жолығып, балаларының оқу жағдайы туралы толық ақпарат алды.

Жиналыстың екінші бөлімінде ағымдағы мәселелер: Мектеп оқушыларының ыстық тағаммен қамтамасыз етілу жағдайы; Міндетті мектеп формасы; Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша мәселелер көтеріліп, ата-аналардың ортақ шешімімен келісілді. Мектеп формасы бойынша Сәулеттің оқушыларының ерекшелігі ретінде оқушылар ұйымының Ұланбасы ұсынған жаңа үлгідегі галстук қабылданды. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, еңбекке баулу мақсатында алдын ала құрылған жоба үлгісіндегі жоспарымен таныстырылып, ата-аналарға қажет ақпараттар ұсынылды.

Жиналысымыздың үшінші бөлімінде оқушылардың жас ерекшелігіне сай ата-аналар топтарға бөлініп, топтық жұмыстар жүзеге асты. 5-6 сынып ата-аналары "Жаңа ортадағы тиімді қарым-қатынас - оқу жетістігінің кепілі» тақырыбында топтық жұмысқа қатысып, жаңа ортаға келген оқушылардың арасында сенімді қарым-қатынас, ыңғайлы орта қалыптастыру үшін ата-ана, мектеп және оқушы тарапынан атқарылу керек әрекеттер туралы өз пікірлерін ортаға салды. 7-8 сынып ата-аналары "Бейін таңдау: оқушы қызығушылығы ма әлде ата-ана қалауы ма?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. 9-10 сынып ата-аналарымен "Мамандық таңдау - жоғары буынның өзекті мәселесі» тақырыбында топтық жұмыстар жүзеге асты.

11 сынып ата-аналарымен «Қорытынды аттестаттау мәселесі. Оқушылардың дайындық деңгейі» тақырыбында әңгіме озғалды. Бұл жиынға мектебіміздің психологы ата-аналарға ҰБТ-ге қатысатын балалармен дұрыс қарым-қатынас орнату үшін қажет кеңестер айтылып, балалардың бүгінгі күндегі дайындық деңгейлері де тілге тиек етілді.

Тақырыпқа қатысты ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, өздері үшін тың ақпараттар алып шықты.

Өткен жиналыстан зор әсер алған ата-аналар кері байланысқа өздерінің ойларын жазып қалдырды.