26 Нау 2022
Жаңалықтар

“Сәулет” мектеп-лицейінде “География, математика, қазақ тілі сабақтарында 10 "б сынып оқушыларының көшбасшылық қабілетін СТО әдістері арқылы қалай дамытуға болады?» тақырыбында Lesson study сабағы өткізілді

“Сәулет” мектеп-лицейінде “География, математика, қазақ тілі сабақтарында 10 "б сынып оқушыларының көшбасшылық қабілетін СТО әдістері арқылы қалай дамытуға болады?» тақырыбында Lesson study сабағы өткізілді. Математика пәнінен Нұрым Н. сабақ өткізді. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстар болды. Алдымен мұғалім сабақты өзі түсіндіріп кейін оқушылар өз беттерімен жұмыстанып, тақырып бойынша тапсырмалар орындады. Сабақ барасында Learning apps, Flippity бағдарламалары қолданылды. Сабақ мақсатына жетті. Алайда "С" деңгейіндегі оқушы толық өзінің көшбасшылығын көрсете алмады. Осы сабақ барысында толықтыру керек тұстары, оқушының белсенділігі арттыру жұмыстары келесі сабаққа жоспарланды. География пәні бойынша Курманиязова А.А. сабақ өткізді. Алдымен оқушылар елдерге қатысты сөздермен топтарға бөлінді. Сол топтық жұмыс бойынша оқулық мәтіні мен ноутбукпен берілген алдындағы слйдтармен жұмыстанып, QR кодқа негізделген тапсырмаларды топпен орындады. Кейін оқушылар flipitty бағдарламасымен жұпқа бөлінді. Жұптық тапсырма сұрақтарға ауызша жауап беру болды. Оқушылар белсенді қатысты. Кейін жеке жұмыс тест тапсырмасы болды. Кері байланыс google forms арқылы болды. Сабақ мақсатына жеткенімен, "С" деңгейіндегі оқушыға әлі де болса көшбасшылығын көрсету қажет екені айтылды. 3- сабақ қазақ тілінен болды. Мұнда оқушылар топтық жұмыс жасады. Оқушыларды өздерінің бастапқы есімдерімен бөлді. Жалпы сабақ креативтілігі жоғары болды. Тақырыпқа сай зерттеу сабағы өткізілді. Кейін сол зерттеу арқылы өтіп жатырған тақырыпқа байланысты сұрақ- жауап жүргізілді. Бұл сабақта мақсат етілген "С" деңгейіндегі оқушы өзінің көшбасшылығын көрсетті. Топта белсенді жұмыс жасай алды. Осы үш сабақты қорыта келе, оқушылардың көшбасшылық қасиеті ашылды. Алдағы уақытта басқа да әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың көшбасшылық қабілеттін одан әрі дамыту мақсатқа қойылды.