15 Нау 2022
Жаңалықтар

Ата-бабамыз қыз бала тәрбиесіне аса мән беріп, ерекше көңіл бөліп, «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күннен тыю» деген мақалға бірнеше ойды сыйғызған

Ата-бабамыз қыз бала тәрбиесіне аса мән беріп, ерекше көңіл бөліп, «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күннен тыю» деген мақалға бірнеше ойды сыйғызған. Осыған орай Сәулет МЛ-і жанындағы интернатында «Инабат» қыздар клубы аясында тәрбиеші Б.Амангалиеваның ұйымдастыруымен «Қызым – үйде, қылығы - түзде» атты дөңгелек үстел өткізіліп, аталмыш шараға Тасқала аудандық халықтық «Ақтілеу» әжелер ансамблінің жетекшісі, зейнеткер ұстаз Нұрмақова Майра Абуқызы, Мырзағалиева Қарылғаш Сағынғалиқызы және зейнеткер–тәрбиеші Сарсенбаева Алия Наубетқызы шақырылды. Шара жайықтың ақ шағаласы ақын А.Бақтыгерееваның «Мен ана ретінде қыз бала тәрбиесі қатты алаңдатады, өмірде қыз болу бар да нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек» деген сөзімен бастау алып, қыздардың ұстаздарға қойылған сауалдарымен жалғасын тапты. Ұстаздарымыз қыз баланың жүріс-тұрысы, киім-киісі, әдеп-ибасы жалпы қыз бала тәрбиесі жөніндегі қыздарымызға болашақта сабақ боларлық тағылымы мол құнды пікірлерін айтты. Поэзия шебері, сөз майталманы, тіл жанашыры Майра апамыздың өлең жолдарын ұстаздар мен қыздар тамсана тыңдап, «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» атты бейнеролик көрсетіліп, әке мен ананың қыз бала тәрбиесіндегі рөлі зор екендігі айтылып, шара «Қазақ қызы» әнімен қорытындылады.

#Инабат_қыздар_клубы