“Сәулет” мектеп-лицейінде “Ұлттық құндылықтар” айлығы аясында қазақ халқының қасиетті қара домбырасы мен басқа да ұлттық саз аспаптарын насихаттау мақсатында Домбыра Party өтті. Бұл шара қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау мақсатында туындаған флеш-моб форматындағы қозғалыс. Шарада домбырада күйлер тартылады немесе аспап сүйемелдеуімен әндер шырқалады. Шараға тек домбырашылар ғана емес, сонымен қатар өзге ұлттық аспаптарда ойнай алатын өнерпаздар және тыңдармен-көрермендер қатыса алады.
15 Нау 2022
Жаңалықтар