09 Нау 2022
Жаңалықтар

03 наурыз күні 5 сыныптарда 8 наурыз мерекесіне орай "Ана мен бала - күннің шуағы" атты аналар мен балаларының арасында мерекелік іс-шара ата-ана, оқушы және мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру, аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында өтті

03 наурыз күні 5 сыныптарда 8 наурыз мерекесіне орай "Ана мен бала - күннің шуағы" атты аналар мен балаларының арасында мерекелік іс-шара ата-ана, оқушы және мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру, аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында өтті. Шара барысында "Менің анам..." атты тренинг ұйымдастырылып, балалар өз аналарына тән ерекше қасиеттерін атай отырып таныстырды. Кейін балалар 3 топқа, аналар 2 топқа бөлініп: "Ана", "Бала" деген ұғымдарға класстер қорғаса, екінші топ Ана тақырыбында эссе жазып, өлең шумақтарымен, мақал-мәтелдермен өрнектей отырып, ана туралы ой бөлісті. Ал аналардың бір тобы балаларына арнап ашық хат жолдады. "Сәлемдеме ұшағы" тренингі ұйымдастырылып, барысында аналар мен балалар ұшақтың бір қанатына өзін жұмбақтап жасырса, бір қанатына Көктем мерекелерін қамти отырып, ізгі тілектерін жолдады. Аналарының көтеріңкі көңіл-күйі әрі қарай балаларының өз бетімен ұйымдастырған құттықтау концертімен және қызықты ойындарымен жалғасын тапты. "Егер мен бұл шараға қатыспасам, онда..." деген ойды жалғастыру арқылы аналарымыз ойларымен бөлісіп, өткен шарадан алған әсерлері туралы пікірлерімен шара өз мәресіне жетті.