04 Нау 2022
Жаңалықтар

Қазақ төрт түліктің ішінен тек жылқыны ғана жеті қазынаға жатқызған

Қазақ төрт түліктің ішінен тек жылқыны ғана жеті қазынаға жатқызған. Себебі жылқы – қазақтың жаны, қазақтың қаны. Бұл – Қамбар ата төліне деген ерекше құрметтің белгісІ.

Төрт түліктің төресін қастерлеу, дәріптеу мақсатында “Сәулет” мектеп-лицейінің 7 сынып оқушыларына арналған сынып жетекшілері мен ата-аналарының бірлесіп ұйымдастырған тәрбие ментәлімі мол шара өтті.

Тәрбиелік шараның мақсаты — оқушыларды жылқы жануарын қастерлеуге, жылқыны күту, баптау, міну сияқты ұмытылған дәстүрлерді үйренуге, сабырлы, жігерлі, батыл да батыр болуға тәрбиелеу. Шарада оқушыларға жылқының құрал-саймандары туралы таныстырылды. Балалар жылқыға мініп, таза ауада серуендеді. Балалар мен әкелер шараға белсенділікпен қатысып, балалар үшін тәрбиелік мәні зор болды. Ал шараның өтуіне ат салысқан Нариман мырзаға және өзі басшылық етіп отыған қожалық қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.