04 Нау 2022
Жаңалықтар

Алғыс

«Алғыс-сөздің асылы»

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Тұңғыш Президентіміздің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

Қаһарлы қыс бітіп, жайма шуақ мезгіл көктемнің алғашқы мерекесі біздің мектебімізде де аталып өтуде. Тасқала аудандық кітапханасында «Сәулет» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Елдігіміздің бой тұмары-ел бірлігі» атты алғыс айту сағатына қатысып ауданымыздың мәдениет және құқықтық саласының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылса, бүгін 1 наурыз «Сәулет» мектеп-лицей жанындағы интертант тәрбиеленушілері қабырға газетіне, тәрбиешілер мен кіші қызметкерлерге өз тілектері мен ризашылықтарын жазып, алғыс айтып құрмет көрсетті.