04 Нау 2022
Жаңалықтар

01.03.2022

 «Сәулет» мектеп-лицейінің психологі Г.Б.Имангалиева 28 ақпан күні «ҰБТ-ға дайындық кезінде, біз- стреске бой бермейміз!» тақырыбында 11 сынып оқушыларына психологиялық тренинг ұйымдастырды.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың өз–өзіне деген сенімділігін күшейту, эмоциялық күйзелісін түсіру, жетістікке қол жеткізуін, мақсат қою дағдысын қалыптастыру, жетістікке бағдарлау. Тренинг барысында өздеріне сенімді болуға және жетістікке жетуде мақсат қоюды үйренді. «Менің мақсатым» жаттығуында оқушылар белсенді қатысып, алдағы сынақтан еш қорқынышсыз, абыржымай, сеніммен барамыз. Стреске бой алдырмаймыз! Өз болашағымыз өз қолымызда деп мақсат қойды. Тренинг соңында релаксациялық жаттығулар орындалды. Оқушылар осы тренингтен алған ойларымен бөлісті.