24 Ақп 2022
Жаңалықтар

Олимпиада күнделігі

Олимпиада күнделігі

Қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ сыныбындағы орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінен өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі қорытындыланды. Нәтижесінде, қазақ тілі бойынша 10 сынып оқушысы Аяпбергенова Дильназ ІІІ орынды қанжығасына байласа, қазақ сыныбындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі ІІ орынға мектебіміздің 8 сынып оқушысы Мухтарова Дана, ІІІ орынға 9 сынып оқушысы Шопликова Алина иеленді. Ағылшын тілі пәні бойынша жүлделі І орынға 9 сынып оқушысы Берік Перизат, ІІІ орынға 8 сынып оқушысы Хамит Ернұр мен 11 сынып оқушысы Мұхит Әсет ие болды. Тарих пәні бойынша 8 сынып оқушысы Ұзақбай Сайора алғыс хатпен марапатталса, 9 сынып оқушысы Баймағамбетов Қайсар І орын иеленді.

Нәтиже көрсеткен оқушыларымыз бен дайындаған ұстаздарымыз қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Булекбаевты, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Курмышеваны және Г.Шукурованы, ағылшын тілі пәні мұғалімі С.Есеркенова мен Л.Имангалиеваны, тарих пәні мұғалімі Ж.Кондудаева мен Н.Шапиковты құттықтаймыз.