21 Ақп 2022
Жаңалықтар

Олимпиада күнделігі

Олимпиада күнделігі

Физика және математика пәндерінен бүгінгі өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі қорытындыланды. Нәтижесінде, физика пәнінен жүлделі І орынға "Сәулет" МЛ 11 сынып оқушысы Мұрат Армат, ІІ орынға 8 сынып оқушысы Құрмантай Аружан, ІІІ орынға 9 сынып оқушысы Саркенова Ақбаян иеленді. Математика пәнінен қатысқан лицейіміздің оқушылары 11 сынып оқушысы Ғазез Қасымжомартәлі мен 10 сынып оқушысы Шангереев Қасымхан І орын, 9 сынып оқушысы Суиндикова Анель ІІ орын, 8 сынып оқушысы Шарафиева Алсу ІІІ орынға ие болды. Білім бәйгесіне жүйріктерді дайындаған ұстаздары физика пәні мұғалімі педагог-шебер А.Дүйсенованы және математика пәні мұғалімдері педагог-зерттеуші М.Құрманиязованы, педагог-зерттеуші А.Айсагалиевті, педагог-модератор Н.Нұрымды оқушыларының жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!