Мектебімізде "United power" жобасы аясында «Феникс» шығармашылық топ мұғалімдерінің «Lesson Study» ғылыми-зерттеу сабақтар топтамасы өткізілді. Зерттеу топ жұмысының мақсаты – оқыту әдістемесін жетілдіру және оқушылардың білім деңгейін арттыру. Зерттеу сабағына 8 сынып оқушыларын бақылай отырып, зерттеу жұмысының тақырыбы анықталды. «Сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолдана отырып, мәтінді өңдеу дағдыларын қалай дамытуға болады?» деген зерттеу тақырыбы аясында мұғалімдер келесі сұрақтарға жауап іздеді: бар мәселені шешу жолдарын қалай табуға болады? Бұған жету үшін не істеуіміз керек?.
Сабақтың әр кезеңінде сын тұрғысынан ойлаудың әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың мәтінді өңдеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар қамтылды. Зерттеу тақырыбы аясында сыныптың оқу үдерісі талқыланып, сабақта түрлі әдіс –тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы артатыны анықталды. Сабақтарда жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері ұйымдастырылды.