21 Ақп 2022
Жаңалықтар

6“А” сынып оқушыларының тақырыпты жеңіл игеруіне қалай ықпал етуге болады?” зерттеу сұрағы аясында «Lesson study» зерттеу сабақтарын өткізді.

“Саулет” мектеп-лицейінде «United Power» жобасы шеңберінде “Бойтұмар” шығармашылық тобы “Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих сабақтарында сын тұрғысынан ойлау әдістері арқылы 6“А” сынып оқушыларының тақырыпты жеңіл игеруіне қалай ықпал етуге болады?” зерттеу сұрағы аясында «Lesson study» зерттеу сабақтарын өткізді. 6”А” сыныбының проблемалық зерттеу тақырыбын анықтау үшін оқушыларға сауалнама жүргізіліп, бақылау, сауалнама, жеке әңгіме, практикалық жұмыс, фото және бейне түсірілім және сұхбат зерттеу әдіс-тәсілдері таңдалып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай Қазақстан тарихы пәнінен “Қазақстан аумағындағы ұлыстардың құрылуы” , қазақ тілі пәні бойынша “Күш атасы-Қажымұқан” және қазақ әдебиеті пәнінен “Жусан иісі” тақырыптарында 3 тізбектелген сабақ өтті. Сабақтарда “Зымыран сұрақтар”, “Стоп кадр”, “Сұрақтар ілмегі”, “Бес жолды өлең”, “Төрт сөйлем”, “POPS” сияқты оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытатын әдіс-тәсілдер қолданылды. Шығармашылық топ пән мұғалімдерінің сабақты жоспарлауына көмектесіп, сабақ өткеннен кейін талдау жасады. Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып, белсенділігі жоғарылады.