21 Ақп 2022
Жаңалықтар

Бүгін мектебіміздің бракераждық комиссиясы асханадағы тамақтану сапасына мониторинг жүргізді.

Бүгін мектебіміздің бракераждық комиссиясы асханадағы тамақтану сапасына мониторинг жүргізді. Ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуы, тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарының сақталуы, дайын тағам сапасы, асхана қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылау мақсатында барлық объектілер тексерілді. Айтарлықтай ауытқушылықтар байқалған жоқ, шағын кемшіліктер бойынша мектеп медбикесі мен қойма меңгерушісіне ескертілді. Күнделікті дайын тағам сынамасы алынған және дұрыс сақталған. Балалармен сұхбаттасып, ешқандай арыз шағымдары жоқ екені анықталды.