“Экомектеп" жобасы шеңберінде «Құстарды қыста тамақтандырыңдар!» атты экологиялық акция ұйымдастырылуда. Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау, құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғау, оларға тиіспеу, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу мақсатында "Құстар туралы не білеміз?" атты 6-сыныптар арасында сыныптан тыс интеллектуалды сайыс өтті. Сайыс: мақал-мәтелдер жалғасын табу, жұмбақтар шешу, викториналық сұрақтар, сурет бойынша құстың атын табу, шығармашылық жұмыс (жаңа үлгідегі құс ұясын жарналамалау) бөлімдерінен тұрды. Оқушылар топтық жұмыс жасап жатқанда көрермен оқушыларға логикалық сұрақтар қойылды. Сайыс нәтижесінде 6"А" "Ителгі" тобы І-орын, 6"Б" "Қарлығаш" тобы" ІІ-орын, 6"Ә" "Колибри" тобы ІІІ-орын иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.