"Экомектеп" жобасы шеңберінде «Құстарды қыста тамақтандырыңдар!» атты экологиялық акция ұйымдастырылып, оқушыларға жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігімен таныстыру, құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы табиғатқа қызығушылығын арттыру, құстарды қорғауға деген сезімін арттыру мақсатында 6"Б" сыныбында "Құс - әлем досы" атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты «Құстарға ұя жасайық!» (Жұмбақтар шешу), «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары) бөлімдерінен тұрды. Кейін оқушылар "Қарлығаш", "Қараторғай", "Ұзақ" құстары бойынша 3 топқа бөлініп, сол құстар туралы әр топ мәлімет берді. «Құстарға қамқор бол!» бөлімінде оқушылар ситуациялық сұрақтарға жауап берді.