Болашақ түлектерге нұсқаулық
Бүгін директордың оқу ісінің меңгерушісі Г.Сараева 11 сынып оқушылары мен пән мұғалімдерін жинап, 2022 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің ерекшелігімен, ескеру керек жайттарымен кеңінен таныстырды.
ҰБТ электронды форматқа көшуіне байланысты «1 тестіленуші – 1 компьютер - 2 камера» қағидасы бойынша компьютермен жабдықталған «Ustudy» аймақтық тестілеу орталықтарында өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларының 75-тармағына сәйкес ҰБТ- ны электрондық форматта өткізу кезінде оқуға түсушілер:
ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі;
оқуға түсушінің жеке басын сәйкестендіру көлемді- кеңістіктік нысандағы сканер арқылы және жеке басын растайтын құжат негізінде жүргізіледі.
ЕСКЕРУ КЕРЕК
Тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеу өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа ақпаратты тасымалдау функцияларымен жабдықталған ұялы байланыстың мынадай тыйым салынған заттарын, оның ішінде пейджерді, ұялы телефондарды,
планшеттерді, iPad, iPod, SmartPhone, ноутбуктерді, плейерлерді, модемдерді (мобильді роутерлерді), радио-электрондық байланыстың кез келген түрлерін, соның ішінде Wi-Fi, Bluetooth, Dect, 3G, 4G, 5G смарт сағат, калькулятор, сымды және сымсыз құлаққаптар, шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттерді алып кіруді болдырмау үшін қолданылады.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/13428-bolasha-t-lekterge-n-s-auly.html#sigFreeId644e1ce074