"Ұрпаққа үлгі болған ерлік"
Ауған соғысы... Ол соғыс - қандай соғыс? Көздеген мүддесі не еді? Түпкі мақсатына жетті ме?
Бұл сұрақтарға жауап табу қиын. Себебі бұл – бір елдің ішкі саясатына басқа елдің араласуынан туындаған соғыс. Біз оған еріксіз куә болдық, қатыстық, боздақтарымыз құрбан болды. Асыл ерлерді құрбан еткен – олардың интернационалдық борышы еді дедік... Ал шындығында, тарих көшінде қалған саяси ойын мен тұрлауысыз мүдделердің құрбандары еді олар...
15 ақпан 2022 жылы Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 толуына орай мектеп жаныдағы интернат тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға Шежін ауылының тұрғыны Абылай мырза келіп, оқушылар ойында жүрген көкейтесті сұрақтарға жауабын беріп, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар шара барысында 5 сынып оқушылары ағаларына арнап өлеңдер оқыса, 8 сынып тәрбиеленушілерінен құралған хор ұжымы "Мен қазақпын" әні шырқалды.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/13421-rpa-a-lgi-bol-an-erlik.html#sigFreeId526df96b34