Жеңісті күндер көп болғай....
"Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" демекші салауатты өмір салытн жүрген жерінде насихаттап, балаларды жаттықтыруда жалықпаған, өзінің күн тәртібінен спортты бір елі қалдырмаған мектебіміздің жоғары санатты педагог-зерттеуші мұғалімі Қайрат Нагиев өткен аптаны облыс деңгейінде жеңспен тәмамдаған болатын. Яғни, қысқы президенттік көпсайыстан Батыс Қазақстан облысының чемпионатында өзінің жас ерекшелігіне сай ерлер арасында Үшінші орынды иеленіп қайтты. Әріптесімізді бұл жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Қайрат Нагиев салауаты өмір салтын, спортты тек өз мектебімізде ғана асихаттап қана қоймай, өзінің іс-тәжірибесімен республикасылық басылымдарда бөлісіп, жариялап отырады. Алдағы уақытта да бұл қалпынан таймай, дені сау ұрпақты тәрбиелеуде қажымас қайрат, талмас қанат тілейміз!
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/13419-zhe-isti-k-nder-k-p-bol-aj.html#sigFreeId405909dadc