“Сәулет” мектеп-лицейінде дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық апталығы аясында 5-6 сынып оқушыларына “Алау” қысқы әскери-патриоттық ойыны өтті. Ойын 9 кезеңнен тұрды: саптық байқау, саптық ән; әскери сауалнама; азаматтық қорғаныс; қол гранатасын лақтыру; мина іздеу; көпірден өту; алғашқы медициналық көмек; кедергіден еңбектеп өту; капитандар жарысы. Оқушылар белсене қатысып, адамгершілік, ерлік, батылдық қасиеттерін, ептіліктерін, Отанын сүюге және оны қорғауға дайын екенін көрсете білді. Жарыс қорытындысы бойынша 6”а”, 6“ә” сынып оқушылары “Алау” ойынына белсенді қатысқаны үшін марапатталды. 5”б” сынып оқушылары 3 орын, 5”а” сынып оқушылары 2 орын, 6”б” сынып оқушылары 1 орынды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Капитандар жарысында 6”ә” сынып оқушысы Ахметов Асет жеңіске жетті.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/13399-alau.html#sigFreeId6a00eb831a