04 Ақп 2022
Жаңалықтар

Мектебімізде ақпан айы салауаттылық айы болып жарияланды

Мектебімізде ақпан айы салауаттылық айы болып жарияланды. Айлық аясында дене шынықтыру апталығы бастау алып, күнделікті жоспарға сай спорттық шаралар ұйымдастырылуда.

1 - ақпан мектебіміздің ұстазы болған Жайсанбек Ибатұлын еске алу мақсатында ұстаздар арасында волейбол ойыны ұйымдастырылып, керемет ойын өтті. Мұғалімдер бір серпіліп қалды. Ойын соңында жеңімпаздарды дипломмен және кәсіподақтың ұйымдастыруымен тәтті тортпен марапатталды.