Қаңтар айының 27-сі күні мектебіміздің математика пәні мұғалімі Айсагалиев А.С. 9 "Ә" сыныбына "Тиімді жолын табу есептері" атты факультатив сабағын өткізген болатын. Сабақтың мақсаты: Абстрактілі ойлау дағдыларын қалыптастыру, математикалық білімдерін еске түсіру және оны жүйелеу, күнделікті өмірдегі өзіміздің тұрмыстық қажеттілігімізді тиімді жоспарлай алуды үйрену бөлімдерінен тұрды. Факультатив сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыратын математикалық сауаттылық және Пиза тапсырмалары орындалды. Барлық тапсырмалар бір жүйелікпен және де күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға негізделіп құралған. Сабақ соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, өмірізде математикалық білімнің қажеттілігін атап өтті.