«Сәулет» мектеп – лицейінде «UNITED POWER» жобасы аясында әр түрлі жас деңгейлерінен құрылған мұғалімдердің шығармашылық 7 тобы жұмыс жасайды. «United Power» жобасы педагогтардың үздіксіз кәсіптік дамуын жүзеге асыруын, бір-бірінен тәжірибе алмасуын, бір-бірінің сабақтарына бейресми түрде қатысуын және кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында шығармашылық топтар арасында «Lesson Study» жоспарланып, өткізілуде.
«Lesson Study» тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, сыныпты бақылау, бірлесіп зерттеу сабағын талдау арқылы алынған білім мен жинақталған тәжірибені болашақта өз тәжірибесінде жетілдіріледі және мұғалімдердің өз кәсіби біліктілік қоржыны толығады.
17 қаңтардан бастап жоспарға сай әр шығармашылық топтар арасында зерттеу тақырыптары мен мақсаттары айқындалып, жұмыстар жүргізілуде. «Тәрбие сағаты, өзін – өзі тану, қазақ тілі сабақтарында топтық, жұптық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық орта қалыптастыру» зерттеу тақырыбы аясында «3К» шығармашылық тобының LS сабақтары өтілуде. «Мейірімділік – адманың барлық адамгершілік ниетінің негізі» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. «Миға шабуыл» кезеңінде оқушыларға видео көрсетіліп, оқушылардан видеоның қандай мақсатта көрсетілгені, не түсінгендігі сұралды. «Flippity» әдісі арқылы үш топқа бөлініп, топтық жұмыстар ұйымдастырылды. «Ынтымақ» тобына сахналық қойылым қою керек болса, «Сыйластық» тобына тақырып бойынша постер қорғауға, ал «Ізеттілік» тобына аппликация жасау тапсырмалары ұсынылды. Тапсырмадан кейін әр топтан кері байланыс орнатылды. Келесі топтық жұмыс түрі әр топқа әр түрлі видео көрсетіліп, жағдаяттарды шешу бойынша ойлары тыңдалды. Сабақ соңында сыныптастарына тілек жазылып, бір – біріне табысталды. Сабақтан кейін зерттеу сабағына талдау жүргізіліп, келесі сабақтарға ұсыныстар айтылды.