17 Қаң 2022
Жаңалықтар

Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты көптеген жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері Бақтығұл Жұмажанұлын мағыналы ғұмырының биік бір белесі - 75 жасқа алып жетті

15.01.біздің «Сәулетте» дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,

Жырдан шашу шашылар, ән шырқалар,

Құтты болсын, Ұстазым, мерейлі той!

Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты көптеген жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері Бақтығұл Жұмажанұлын мағыналы ғұмырының биік бір белесі - 75 жасқа алып жетті. Осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырған Бақтығұл Жұмажанұлы білім саласында аянбай еңбек етіп, Тасқала өңірінде алғаш қазақ мектебінің негізін қалаған ұстаздардың бірі де бірегейі және қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы Ыбырай Алтынсариннің қазіргі заманғы бейнесі десек те артық болмас. Бір емес екі бірдей жаңа бастаманы қолға алған ағамыз сыннан сүрінбей өтіп, бүгінгі күні біз бенен сіз секілді келешектің ұрпағына бақытты күндер сыйлады. Алғысымыз шексіз, көп жасаңыз. Қадірлі ұстаздың уақытпен санаспай атқарған еңбегі еленіп, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің, Ерен еңбегі үшін медалінің және ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері марапатына ие болып, “Қарттары бар ел - қазынасы бар ел” - деген дана халықтың сөзіне жан бергендей болады.

Қымбатты да ардақты, ұлағатты ұстазымыз - Бақтығұл Жұмажанұлы, бүгінгі 75 жас мерейтойыңыз құтты болсын! Ұрпақтарыңыздың қызығы мен қуанышын көруге жазсын. Ғұмыр жасыңыз ұзақ болғай! Отбасыңызға амандық, кетпес дәулет, мол ырыс - несібе, асқақ абырой тілейміз!