29 Желт 2021
Жаңалықтар

28 желтоқсан күні 11 сынып оқушыларына 2022 жылы жоғары оқу орнына түсуге арналған ҰБТ-ге тіркелу туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.

28 желтоқсан күні 11 сынып оқушыларына 2022 жылы жоғары оқу орнына түсуге арналған ҰБТ-ге тіркелу туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. ҰБТ пункттерінде «1 тестіленуші – 1 компьютер – 1 камера» форматында өткізілетіндігі хабардар етілді. Тестілеу кезінде барлық санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды сақталу керектігі айтылды. Тестілеуге қатысушылар күнін, уақытын және орнын өз бетінше таңдай алатындығы, бір және бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары (ТТ) қолданылатындығы, тестілеу нәтижесі тестілеу аяқталған соң бірден берілетіндігі айтылды. Сонымен қатар, 2022 жылы ҰБТ форматында болатын өзгерістерге тоқталды. ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі, соның бірінші кезеңі 24 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында өтініш беріліп, 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында оқушылар тестілеуге қатысады. Өтініш берер алдында ең бірінші нұсқаулықпен тиянақты танысып, өтініш бергеннен кейін логин мен құпия сөзін сақтап алу керектігі ескертілді. 2022 жылғы ҰБТ – ның форматы: Қазақстан тарихы пәні мен математикалық сауаттылықтан – 15 тест тапсырмадан, оқу сауатттылығынан – 20 тест тапсырмасынан, 1-ші және 2-ші бейіндік таңдау пәндерінен – 35 тест тапсырмасын қамтиды. Барлық тест тапсырмалары- 120, балл саны- 140.