21 желтоқсан күні мектебіміздің ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңес мүшелері қатысқан жиын өтті. Күн тәртібінде берілген сұрақтар бойынша, алдымен мектеп басшысы А.Т.Бисалиева 2021 жылдың 3 тоқсаны бойынша бөлінген қаражаттың игерілуі мен жұмсалуы туралы ақпарат берді. Екінші мәселе бойынша ТЖО А.Дакишева білім беру ұйымындағы тәртіп ережелерінің сақталуы туралы ой қозғап, Б.Момышұлның "Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды" деген ойымен сөз бастап, отбасындағы тәрбиеге ерекше тоқталып, балаға екі жақты мектеп пен ата-ана тарапынан бір бағыттағы талап қойылса, саналы ұрпақ тәрбиелеуге болатыны туралы ой тұжырымдалды. Сонымен қатар қысқы демалыс уақытындағы қауіпсіздік шаралары да ата-аналардың қаперіне жеткізілді. Жиын барысында қамқоршылық кеңес төрағасы Қ.Баймагамбетов сөз алып, "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша оздырылғағ 20 минуттық оқуды жыл соңында қорытындылау үшін оқушыларды ынталандыру жолдарын ұсынып, ата-аналар қолдауын сұрады. Сонымен қатар алдағы уақытта әкелермен, аналармен, жалпы ата-аналар ұжымымен бірігіп өткізетін шаралар туралы айтып, белсенділікке шақырды. Алдағы тоқсанда өткізілетін бір қатар іс-шаралардың бағыты мен сұлбасы да жасақталды.
22 Желт 2021
Жаңалықтар