22 Желт 2021
Жаңалықтар

20 желтоқсан күні мектебіміздің сынып жетекшілері сыныптың ата-аналарымен онлайн форматта жиын өткізді

20 желтоқсан күні мектебіміздің сынып жетекшілері сыныптың ата-аналарымен онлайн форматта жиын өткізді. Ең бірінші айтылған мәселе тоқсан аяқталуына байланысты оқушылардың үлгерімі болды,сол үлгерімі бойынша оқушылардың бағаларын мұқият қарап жүріп, оқушылардың дайындығын қадағалауы сұралды. Сонымен қатар оқушылардың денсаулығы, қазір қыс мезгілі кезіндегі көктайғақ, қысқы каникул кезінде мұзға бару бойынша қауіпсіздікті сақтау туралы, барлық сақтық шаралары, сөмкелерінде, сыртқы киімдерінде фликерлердің болуы туралы да түсінік жұмыстары тағы жүргізілді. Таңертеңгі уақыт, қайтар уақыт қараңғы болғандықтан, оқушылардың (8:30-14:05, 16:20-18:30) фликерлермен қамтамасыз етілуі, уақытылы үйге баруын қадағалау туралы да айтылды. Және де мектептің ішкі тәртібі, мектеп мүлкін дұрыс пайдалану ережесі бойынша да сөз тілге тиек етілді. Мектеп психологы қатыстырылып, жасөспірімдерді арасындағы жағымды зарым қатынас орнату туралы да ата-аналарға кеңес берілді.