21 Желт 2021
Жаңалықтар

2021-2022 оқу жылында “Сәулет” мектеп-лицейінің табалдырығын аттап, 5 сыныпқа қабылданған 34 оқушы Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс өткен шарада салтанатты түрде "Жасұлан” ұйымының қатарына қабылданды

2021-2022 оқу жылында “Сәулет” мектеп-лицейінің табалдырығын аттап, 5 сыныпқа қабылданған 34 оқушы Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс өткен шарада салтанатты түрде "Жасұлан” ұйымының қатарына қабылданды. Салтанатты шараға мектеп директоры А.Т.Бисалиева және ұстаздар, оқушылар қатысты. Қабылданушы оқушыларға төсбелгі мен галстук тағу құрметі 11-сынып оқушыларына ұсынылды. Оқушылар ұйымға кіре отырып, ант қабылдап, “Жасұлан” гимнін орындады.