21 Желт 2021
Жаңалықтар

“Сәулет” мектеп-лицейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Тәуелсіздік-ел тұғыры” мерекелік концерт өтті

“Сәулет” мектеп-лицейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Тәуелсіздік-ел тұғыры” мерекелік концерт өтті. Мектеп директоры А.Т.Бисалиева құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген мектеп мұғалімдері мен кіші қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады. Осы шара аясында 5 сыныпта оқитын 34 оқушы “Жасұлан” ұйымына қабылданды. Оқушылар ант қабылдап, 11-сынып оқушылары жаңа ұйым мүшелерінің галстуктарын байлап, төсбелгілерін тағу мәртебесіне ие болды. Салтанатты шара мектебіміздің көркөмөнерпаздарының концертіне ұласты.