“Сәулет” мектеп-лицейінде Азаматық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша өрт қауіпсіздігіне оқу дабыл жаттығуы өткізілді. Тасқала ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері аға лейтенант Турарбеков М.Н., УИППАН полициясының аға лейтенанты Тапалов Э.Б. және мектеп директоры Бисалиева А.Т. қатысты. Жаттығу барысында мектеп мұғалімдері, оқушылар мен кіші қызметкерлері қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Оқушылар сапқа тұрғызылып, сынып жетекшілері оқушыларды түгендеп, мектеп директорына рапорт тапсырды. Комиссия мүшелері ұйымның өрт қауіпсіздігіне дайындығын қанағаттанарлық деп баға берді.