21 Желт 2021
Жаңалықтар

Өрт сөндіруші азаматтық қорғау кіші сержанты Джулкатов Р.А “Сәулет” мектеп-лицейінің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің Орал қалалық мемлекеттік мекемесінің 15 Өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Ахметов А.А және Өрт сөндіруші азаматтық қорғау кіші сержанты Джулкатов Р.А “Сәулет” мектеп-лицейінің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушыларға өрт сөндіру мекемелерінің қызметі, алғашқы көмек көрсету, өрт сөндіруші мамандығының оқу орындары туралы толық мәлімет беріп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.