Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 10-сынып оқушыларының арасында “Қазақстанның кешегісі мен бүгіні: артықшылықтары мен кемшіліктері” тақырыбында дебат ойыны өтті. Оқушылардың қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру, өз ой-пікірін ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге үйрету мақсатында ұйымдастырылған шараға оқушылар белсенді қатысты. Қазақстанның КСРО құрамындағы әлеуметтік-экономикалық саясаты мен тәуелсіздік алғаннан кейінгі жүргізілген саясатқа талдау жасап, өз ойларын дәлелді түрде жеткізе алды. Шараға қатысқан тарих пәні мұғалімдері оқушылардың ұтымды пікірлеріне оң бағаларын беріп, тең дәрежедегі ойын болды деп бағалады.
{gallery}/-1/6/1{gallery}