13 Желт 2021
Жаңалықтар

Бүгін мектебімізде Қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ата-аналар арасында волейбол ойыны ұйымдастырылды

Бүгін мектебімізде Қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ата-аналар арасында волейбол ойыны ұйымдастырылды. Ойынға өзінің қалауымен 40-тан астам әкелер мен аналар келіп, 5 ойын құрама командасы құрылып тартысты ойын болды. Ойын арасында қамқорлық кеңес мүшелері ата-аналарға кофе-брейк ұйымдастырып, бір-бірімен жақын танысып, араласуына жағдай жасалды. 5 сағатқа созылған қызу ойынның қорытындысы бойынша 1, 2, 3 орын иелері мен "Үздік шабуылшы" номинациясымен Қойшыбаева Наргиза, "Үздік байланыстырушы" номинациясымен Сағидуллин Мереке, "Үздік қорғаушы" номинациясымен Кужабергенов Куанышкали және "Үздік ойыншы" номинациясымен Галиева Саягуль марапатталды. Ата-аналар бүгінгі өткен шарадан зор әсер алып, алда басқа да спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылса деген ұсыныстарын айтты. #QAZAQSTAN30