9ә сыныбында тарих пәні мұғалімі Шапиков Н.М. Қазақстан тарихы пәнінен “ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы білім беру жүйесінің даму ерекшеліктері” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ басында “Алты жасар Алпамыс” фильмінен үзінді көрсетіліп, оқушылар жетелеуші сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырыпты анықтай алды. Сабақтың мақсаты мен зерттеу сұрағына тоқталып, бағалау критерийлері нақтыланды. Сабақта АКТ технологиясы белсенді қолданылды. Flippity.net сайтының көмегімен оқушылар 3 топқа бөлініп, топтық жұмыстарды орындады. Қосымша мәліметтер мен кестелер беріліп, оқушылардың жұмыстануына жағдай жасалды. Мұғалім оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, үздіксіз қолдау көрсетті. Топтар тапсырмаларын тақтаға шығып қорғады. Кейін оқушыларға 3 түрлі тапсырмалар беріліп, дискрипторлары тақтаға ілінді. Оқушылар критерийлерге сүйене отырып, бір-бірін бағалады. Оқушылар бүгінгі сабақта жеткен жетістіктерін қорытындылап, кері байланыс берді. ХХ ғасырдағы білім беру жүйесін қазіргі білім беру жүйесімен салыстырды. Сабақ мақсатына жетті, оқушылар сабаққа белсенді қатысты.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/12617-9-synybynda-tarikh-p-ni-m-alimi-shapikov-n-m-aza-stan-tarikhy-p-ninen-khkh-asyrdy-ii-zhartysynda-y-bilim-beru-zh-jesini-damu-erekshelikteri-ta-yrybynda-ashy-saba-tkizdi.html#sigFreeIdd2a45563e9