13 Желт 2021
Жаңалықтар

9 б сыныбыныда Айтжанов Ж.Х. география пәнінен ашық сабақ өткізді

9 б сыныбыныда Айтжанов Ж.Х. география пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы: Қазақстаннның ішкі сулары. Сабақтың мақсаты Қазақстанның ішкі суларының түрлерін анықтап, жіктеу. Сабақта АКТ технологиялары сәтті қолданылды. Мысалы сабақта топқа бөлуде Flippity бағдарламасы қолданылса, сабақ түсіндіру барысында презентация және тақырыпқа сай видеолар көрсетілді. Сабақ барысында топтық, жұптық және жеке жұмыстар болды. Топтық жұмыс кезінде оқушылар Қазақстан өзендерін алаптар түріне қарай бөлініп, өздеріне берілген өзендерді сипаттады. Жұптық жұмыста оқушылар өзен құрамын анықтап, өзен құламасына байланысты есептер шығарды. Жеке жұмыста тест жұмыстары жүргізілді. Оқушылар жеке жұмыста өздерін, топта бір-бірін және жұптық жұмыста өзара бағалады. Сабақ мақсатына жетті, оқушылар белсенділігі жоғары болды.