13 Желт 2021
Жаңалықтар

7"ә" сыныбында Курманиязова А.А. география пәнінен "Дүниежүзі мұхит суы және оның бөліктері" тақырыбында ашық сабақ өткізді

7"ә" сыныбында Курманиязова А.А. география пәнінен "Дүниежүзі мұхит суы және оның бөліктері" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты оқушыларға дүниежүзі мұхиттармен таныстырып, оның дүние бөліктерін айқындау, сонымен қатар картамен жұмыстану болып табылады. Сабақ басы оқушылардан өткен тақырыпты "Қазыналар алаңы" сұрақ-жауап ойыны түрінде басталды. Кейін оқушылар мұхит карталары арқылы 4 топқа бөлінді. Оқушыларға тақырыпқа сай видео көрсетілді. Кейін өздерінің топ атына сай мұхиттарды зерттеп, постер қорғады. Топтар бір бірін бағалап, өз ойларымен бөлісті. Жеке жұмыс кезінде оқушыларға " 10 ақпарат" әдісі арқылы тапсырма берілді. Оқушылар өздерін жауаптары арқылы бағалады. Сабақты қорытындылау мақсатында сәйкестендіру тапсырмасын орындап, қорытынды бағаланды. Оқушылар сабақ бойынша өз ойларымен бөлісті. Оқушылар өз ойларын еркін әрі нақты жауап беріп, сабақ барысында белсінділік танытты.