Тарих және Қоғамтану апталығы аясында 7-сынып оқушыларына “Тарих әлемінде” танымдық ойыны өтті. Оқушылардың өз елінің тарихын терең меңгеріп, туған жерге деген құрметін, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін арттыруды көздеген сайыс 4 кезеңнен тұрды. 1 кезең-“Ойлан тап”, 2 кезең - “Суреттер сөйлейді”, 3 кезең - “Тәуелсіздік шежіресі”, 4 кезең “Ұшқыр ой” болды. Әр кезеңде оқушылар қазақ тарихына қатысты сұрақтар мен тапсырмаларды орындап, нәтижесінде “Абылай хан” мен “Керей хан” топтарының ұпайлары тең түсіп ІІ орынды иеленсе, “Қазақ хандығының” ұпай саны басым болып, І орынды иеленді.