13 Желт 2021
Жаңалықтар

“Сәулет” мектеп-лицейінің 5-6 сынып оқушылары «Дарын» қосымша білім орталығында өткен Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып, орындармен марапатталды

“Сәулет” мектеп-лицейінің 5-6 сынып оқушылары «Дарын» қосымша білім орталығында өткен Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып, ағылшын тілі пәнінен 5-сынып оқушысы Мақсот Арсен ІІІ орын (жетекшісі Есеркенова С.Т.), 6-сынып оқушысы Төлеген Айгерім белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен (жетекшісі Имангалиева Л.А.) марапатталды. Жаратылыстану пәні бойынша 5-сынып оқушысы Есімбек Әсем ІІІ орын және 6-сынып оқушысы Хасанова Жанель белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен (жетекшілері Айтжанов Ж.Х.) марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-сынып оқушысы Ахиярова Жанайым ІІ орын (жетекшісі Кулшариева Б.С.), 6-сынып оқушысы Исатаева Файруза белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен (жетекшісі Шайхиева С.Г.) марапатталды. Орыс тілі пәні бойынша 6-сынып оқушысы Суиндикова Асем ІІ орын (жетекшісі Курмышева Ж.Е.) иеленді. Математика пәні бойынша 5-сынып оқушысы Изтлеуов Диас ІІ орын (жетекшісі Нұрым Н.Е.), 6-сынып оқушысы Закариянов Шерхан ІІ орын (жетекшісі Жанекенова Б.Ж.) иеленді. Олимпиада жүлдегерлері мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!!! Бағындырар белестеріңіз көп болғай!

Бүгін мектеп директоры пән мұғалімдерімен бірігіп, олимпиада қатысушыларымен кездесіп, ынталандыру бағытында әлі де талай белестерді бағындыруға тілегімен қатар тәттілерін ұсынды.